Шығыс Қазақстанға павлодарлық құтқарушылар көмекке аттанды

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстандағы су басқан аумақтарды тазарту үшін Павлодар облысынан жеке құрамның 9 қызметкері және 2 арнайы техника көмекке жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы еріген қар суынан әлі күнге зардап шегіп отыр. «112» қызметіне облыс аудандарының түкпір-түкпірінен қоңыраулар келіп түсуде.

Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар бір күнде 42 адамды қауіпсіз жерге көшірген болатын. Тұрғындардың көпшілігі үйін иесіз қалдыруға қорқып, эвакуациядан бас тартып жатыр.

Қазір облыста 27 үй және 131 аула маңындағы аумақты еріген қар суы басқан.

Глубоков, Шемонаиха, Ұлан аудандарында, Өскемен және Риддер қалаларында ШҚО ТЖД, Шығыс өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы, аудандық ТЖ қызметкерлері апат салдарын жойып жатыр. 
null null null 



Соңғы жаңалықтар