Шығыс Қазақстанда жергілікті полиция қызметінің жаңа бастығы тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы жергілікті полиция қызметі бастығының лауазымына полиция полковнигі Батырбек Сейітқазыұлы Аяғанов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батырбек Сейітқазыұлы 1964 жылы 30 наурызда ШҚО Катон-Қарағай ауданы, Белое ауылында дүниеге келді. 1988 жылы Өскемен педагогикалық институтын, 1997 жылы ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін тәмамдады.

Еңбек жолын 1990 жылы Өскемен қаласында Үлбі аудандық атқару комитетінің ІІБ алдын-алу бөлімшесінің учаскелік инспекторы қызметінен бастаған. 1994 жылы қыркүйекте Өскемен қаласы ІІБ қоғамдық тәртіпті сақтау бөлімі бастығының орынбасары болып тағайындалды.

Бірнеше жыл қатарынан Өскемен қаласының ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 2002 жылы ШҚО Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының тәрбие және кадр жұмысы бойынша бастығының орынбасары, кейін бастығы болды. 2004 және 2009 жылдар аралығында ШҚО ІІД Өскемен қалалық ІІБ бастығының орынбасары, 2009 жылы ШҚО ІІД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығы лауазымына тағайындалды. 2012 жылдан бері ШҚО ІІД бастығының орынбасары болды.

«Біз бәріміз оны жақсы танимыз. Еңбек еткен жылдар ішінде өзін жоғары тәртіпті және білікті офицер ретінде көрсете білді. Практикалық және ұымдастырушылық тұрғыда тәжірибесі мол», - деп атап өтті аймақ басшысы Даниал Ахметов ШҚО мәслихаты сессиясында.

Атап өту керек, ШҚО жергілікті полиция қызметі 2016 жылы құрылды. Оның басты мақсаты - қоғамдық құқықбұзушылықтың алдын-алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық іс-әрекеттерден сақтандыру және жол бермеу. Облыс әкімі, бұдан бөлек халықпен кері байланыс жұмысын одан әрі жаңғыртуды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар