Шығыс Қазақстанда су тасқыны қайталануы мүмкін - ІІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин су тасқынына қатысты болжамды жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде Шығыс Қазақстан облысында су тасқынына қатысты жағдай жақсарып келеді. Бас кезінде 1370 үйді су басқан. Қазір Зырян ауданында су астында 220 үй қалып отыр.

«Осы аймақта ауа температурасы күрт жылынып, жауын-шашын көп түседі деген болжам бар. Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысының Зырян және Қатонқарағай аудандарында су тасқыны қайталанады деп отырмыз»,- деді Ю.Ильин журналистерге берген сұxбатында.

Оның айтуынша, алдағы уақытта Алматы, Қарағанды және Ақмола облыстарында күн райы бұзылады. Сол себепті жергілікті жерде төтенше жағдайлар жөніндегі құрылымдар дайындық шараларына кірісті.

«Астанада жағдай тұрақты. Қаланы қорғайтын гидротеxникалық бөгет әлі толмады. Вячеслав су қоймасынан су көп келіп жатқан жоқ», - деп атап көрсетті Ю.Ильин.

Соңғы жаңалықтар