Шығыс Қазақстанда сілеусін жол бойында емін-еркін жортып жүр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Мысық тұқымдас аң Өскемен-Зырян тас жолының бойында көзге түскен, деп жазады YK-news.kz.

Ғаламторда жол бойында емін-еркін жортып жүрген сілеусіннің видеосы пайда болды. Оны Өскемен тұрғыны таспаға түсіріп алған. Видеожазбада түз тағысының зымырап жатқан көліктерді елең қылмай, өз бетінше кетіп бара жатқаны анық көрініп тұр.  

Әлеуметтік желіде өз пікірімен бөліскен Зырян қаласының тұрғындары «таңғалатын ештеңе жоқ» дейді. Өйткені, сілеусін сияқты жабайы жануарлар бұл маңда жиі кездеседі. Тіпті, халық қоныстанған елдімекендерге де қонаққа келіп тұрады екен. Ал мұның алдында Риддер қаласының үш ауданынан аю көзге түскен болатын.



Еске сала кетейік, мұның алдында біз Үстірттің Қазақстандағы бөлігінде фототұзаққа қабылан түсіп қалғаны туралы жазған болатынбыз. Кезінде бұл өңірде гепардтар тіршілік еткен. Ал қабыланның кезігуі бірінші рет тіркеліп отыр.

Соңғы жаңалықтар