Шығыс Қазақстанда сакралды жерлердің ерекшеліктері зерттеледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өңірде Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асырудағы басым бағыттар жайында баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңір әкімі аталған бағдарлама облыстағы негізгі проблемаларды шешуге мүмкіндік беретініне тоқталды.

«Жалпы бізде түрлі бағыттағы 33 ішкі бағдарлама бар. Біздің ойымызша, бес жылдың ішінде бұл бағдарлама айтырлықтай қомақты қаржыдан құралады, алайда оның барлығы өзін ақтайды. Себебі бұл құжат алда тұрған негізгі міндеттерді шешетін болады. Сондықтан өңірдегі үш университет осы маңызды процеске жұмылдырылып отыр», - деді Д. Ахметов Президент жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның үшінші отырысының алдында берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол атқарылып жатқан жұмыстар әр бағыттағы секторларды қамтитынын жеткізді.

«Бұл бағытта зерттеу жұмыстарына мән беріледі, оның ішінде мектеп оқушыларына да қатысты болмақ. Сондықтан осы сектордың өзіндік маңыздылығы бар. Мен «Шығыс Қазақстанның өркениеттік феномені» атты негізгі бағдарламасына, оның ішінде Қазақстанның сакралды жерлеріне тоқталғым келеді. Біз осы жерге егжей-тегжейлі зерттеу жүргізіп, ата-бабаларымыздың иделогиясын терең түсініп, неліктен осы сакралды орындарға бүгінде адамдар көптен келетінін зерделейміз», - деді ол.

«Рухани жаңғыру» Елбасының философиялық жұмысына негізделгеніне тоқталған ШҚО әкімі, «бұл тұрғыда өткен кезеңге терең талдау жасалып, оның терең мағынасын ұғынуға назар аударылуда. Баршамызды біздің ата- бабаларымыздың отансүйгіштік феномені қызықтырады. Өйткені бабаларымыз ауқымды байтақ жерімізді жан-тәнімен қорғап келді. Бұл тұрғыда олардың идеологиялық біріктіргіш күші қайда жатыр. Күш-қайраты тасып тұрған қарсыластарына қарамастан, бабаларымыз жерімізді аман алып қалды», - деді.

Соңғы жаңалықтар