Шығыс Қазақстанда мыңнан астам заңсыз мигрант жауапқа тартылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Республикалық «Заңсыз» жедел-алдын алу шараларының екінші кезеңі аясында Шығыс Қазақстанда үш күнде 1130 заңсыз мигрант жауапқа тартылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

Облыстағы көші-қон, қылмыс және жергілікті полиция қызметтерінен жасақталған 50 жылжымалы топ құрылыс алаңдарын, базарларды, оқу орындарын, жалпы тамақтану орындарын тексерді.

«1130 әкімшілік хаттаматолтырылды, соның ішінде 477 заңсыз мигрант алыс шетелдерден келген. Еліміздің миграциялық заңдылығын бұзғандарды қабылдағаны үшін 100 тұлға, ал 9 жұмыс беруші заңсыз шетелдік жұмыс күшін пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды», - деп мәлімдеді ШҚО ІІД-дегілер.

Бұдан тыс, 11 көші-қон заңдылығын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі  тергеу амалдары басталған. Шетелдікті Қазақстан Республикасы аумағынан шығарып жіберу бойынша 106 сот актісі қабылданып, 430 шетелдіктің Қазақстанда болу мерзімі қысқартылған.

Соңғы жаңалықтар