Шығыс Қазақстанда «КамАЗ-бен» соқтығысқан көлік жүргізушісі көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жарма ауданының Қапай батыр ауылының маңында «КамАз» жүк көлігі мен «Тойота Карина» автокөлігі соқтығысып, салдарынан бір адам мерт болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ШҚО ІІД баспасөз қызметінің бастығы Бақытжан Торғаевтың хабарлауынша, оқыс оқиға 16 қараша күні кешке болған. 

«Жол-көлік оқиғасы Өскемен - Алматы тас жолының бойындағы Жарма ауданының Қапай батыр ауылының маңында тіркелген. Белгілі болғандай, «Тойота Карина» автокөлігін 1964 жылғы ер адам жүргізіп келе жатып, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Осының салдарынан жеңіл авткөлік қарсы беттегі «КамАз» ауыр жүк көлігімен соқтығысқан. «Тойота Карина» автокөлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Сонымен бірге, жеңіл автокөлікте отырған 3 жолаушы (әйелдер) түрлі дәрежедегі жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оларға тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - деп хабарлайды Бақытжан Торғаев.

Полиция оқиғаны тіркеп,  ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тиісті сот-медициналық сараптама жұмыстары тағайындалған. Істің барлық мән-жайы тергеу барысында анықталмақ. 

Соңғы жаңалықтар