Шығыс Қазақстанда халықтың дені қалада тұрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шілде айындағы деректер бойынша, Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының саны 1 миллион 386 мың 208 адамды құрайды. Жыл ішінде халық саны 9943 адамға немесе 0,7%-ға азайған, деп хабарлайды ҚазАқпарат altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы тұрғындар саны бойынша жалпы республикалық көрсеткіштің 8%-ын құрайды және Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы облысы және Алматы қаласынан кейінгі төртінші орында тұр.

Шығысқазақстандықтардың дені немесе 61% - қалада, қалған 39% ауылда тұрады. Жалпы халық санының (2017 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша) 660,7 мыңы - ерлер (47,7%) және 725,5 мыңы - әйел адамдар (52,3%).

Соңғы жаңалықтар