Шығыс Қазақстанда екі балықшы өзенге батып кетті

None
None
 ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Абай ауданындағы Рысай өзенінде қайғылы жағдай болды. Екі балықшы уақыттың кеш, күннің суық әрі желдің күшейіп тұрғанына қармастан өзенге балық аулауға аттанған. Жағалаудан 50 метр жерде олардың қайықтары аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап.

50 метр жағалаудан аса қашық жер емес, дегенмен балықшылардың өздерімен алып шыққан заттарының көптігін, ауа райының бұзылуын, күннің суықтығын назарға алғанда, олардың судан аман шығуы екіталай болаты. Жүкті онсыз да шектен тыс көп алып алған олардың үстілерінде құтқарушы құралдар да болмаған. Суға кеткендердің бірінің денесін балықшылар тауып алған және олар құтқарушыларды шақырған, екіншісінікі келесі күні таң ата судан шығарылды. 

Құтқарушылардың мәліметтеріне қарағанда, балықшылар суда жүру ережесінің бірден үш талабын бұзған. Біріншіден, олар, суға құтқару құралдарынсыз шыққан. Екіншіден, суда жүзетін құрылғыны түнде пайдаланған. Үшіншіден, қайыққа шектен тыс көп заттар тиеген. Осындай немқұрайдылықтың салдарының соңы кісі өліміне алып келді.

Соңғы жаңалықтар