Шығыс Қазақстанда аттестациядан өте алмаған екі әкім жұмысынан босатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның облыс орталығында әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің жеке бас қасиеттерін бағалау бойынша кешенді аттестаттаудың нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат YK-news.kz  сайтына сілтеме жасап.

Тестілеу 1 ақпан - 5 сәуір аралығында өтті. Оған «Б» корпусының 5464 мемқызметшісі қатысты.

Аттестация қорытындысына сәйкес, 16 мемлекеттік қызметші жұмысынан босатылды, 52 адам лауазымын төмендетуге ұсынылды, 5119 қызметкер алып отырған лауазымдарына сәйкес келеді деп танылса, қалған 277-сі жоғары тұрған қызметке ұсынылды.

«Жұмыстан шығарылғандар арасында ауылдық округтің екі әкімі бар - Көкпекті және қателеспесем, Ұлан аудандарының. Қызметінен босатылғандар арасында облыстық басқармалардың мамандары да бар. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында бас маман өз орнын босатты», - деп мәлім етті ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Жанна Қабдолдақызы.

Мемлекеттік қызметшілерді бағалау критерийлері төрт блокқа топтастырылды:  тиімділік, халыққа қызмет ету, ашықтық және есеп беру. Сондай-ақ олардың жауапкершілік, бастамашылдық және күйзеліске төзімділік сынды жеке бас қасиеттері де назарға алынды. 

Соңғы жаңалықтар