Шығыс Қазақстанда «А» вирусты гепатитінің өршуі тіркелген жоқ - ДСМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Шығыс Қазақстан облысы аумағында «А» вирусты гепатиті аурушаңдығының жаппай өршуі тіркелген жоқ, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта өңірде «А» вирусты гепатит аурушаңдығының бірлі-жарым жағдайлары тіркелді, олар бір-бірімен байланысты емес.

«А» вирусты гепатиттің өршуі болып, осы аумақта немесе жалпы инфекция көзімен немесе берілу факторларымен байланысты адамдардың белгілі бір топтарына аурудың көп жағдайының тіркелуі болып табылады.

Шығыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың соңғы 9 ай ішінде «А» вирусты гепатит аурушаңдығының 34 жағдайы тіркелді. Сонымен қатар, статистика көрсетіп отырғандай, соңғы жылдары Шығыс Қазақстан облысында «А» вирусты гепатит аурушаңдығының төмендеуі байқалады.

Қазақстан Республикасы халқының «А» вирусты гепатиті сырқаттанушылығының көпжылдық динамикасын талдау көрсеткендей, соңғы 16 жылда жоспарлы иммундау арқасында сырқаттанудың тұрақты төмендеуі байқалады. Осылайша, 2016 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 68-ге есеге дейін аурушаңдық төмендеген (2016 жылы 2,30, қарсы 2000 ж. 156,47).

Соңғы жылдары «А» вирусты гепатитінің аурушаңдығының жас құрылымында аға жас топтарына аурудың ығысуы байқалады, егер бұрын ауырғандардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар болса, қазір балалардың үлес салмағы едәуір төмендеді.

ВГА сырқаттанушылығының аға жас топтары аралығына ығысуы 2000 жылдан балаларға 2 жастан бастап «А» вирусты гепатитіне қарсы жоспарлы вакцинациялау жүргізу және санитарлық жағдайын жақсартумен (сапалы сумен қамтамасыз ету) негізделген.

Қазақстанда «А» вирусты гепатитіне қарсы вакцинасымен 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 Үкімет қаулысына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен, 2 жастағы балалар, сондай-ақ ремиссия кезеңіндегі созылмалы В және С вирусты гепатитпен ауыратын және ВГА ошақтарында тұратын он төрт жасқа дейінгі науқас балалар қамтамасыз етіледі.

«А» гепатиті - «А» гепатиті вирусынан туындайтын бауыр ауруы. Аурудың көзі науқас адам болып табылады. Инфекция асқазан-ішек жолдары арқылы беріледі. Негізгі берілу факторы болып, ең алдымен ауыз су, сондай-ақ азық-түлік өнімдері, көкөністер мен жемістер есептеледі.

«А» гепатитінің профилактикасының негізгі әдістері - бұл гигиеналық тәрбие және мектепке дейінгі және білім беру мекемелерінде оқыту, эпидемияға қатысты қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тамақ өнімдерінің сапасына қойылатын талаптарды сақтау, тамақтануды ұйымдастыру, сумен қамтамасыз ету.

Соңғы жаңалықтар