Шығыс Қазақстан тұрғындары бабалардың мәдени мұрасымен танысады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында «Ертіс-концерт» ұжымы Тарбағатай ауданының Ақжар, Тұғыл, Ақсуат, Жетіарал, Көкжыра ауылдарына гастроль ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақсуат ауылының өзінде концертке 10 мыңнан астам көрермен жиналды. «Ертіс-концерт» шығармашылық ұжымының гастроль сапары аясында «Шығысым шырайлы елім» концерттік бағдарламасы да ұсынылды.

Бұдан тыс, ауданға облыстық тарихи-өлкетану музейінің жылжымалы көрмесі де әкелінді.

Осы аптада Өскемендегі облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Шығыс Қазақстан. Киелі мекендерге саяхат» атты үлкен көрме ашылды. Оған Шығыс Қазақстандағы киелі жерлер туралы сыр шертетін бірегей артефактілер қойылды.

Өңірдегі киелі орындардың жылжымалы көрмесі облыс бойлап жасалатын саяхат үшін арнайы әзірленген. Ол өңірдің әрбір тұрғыны өз тарихын білуі, туған жердің қасиетін бойына терең сіңіруі үшін ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар