Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкерлер ет өңдейтін зауыт салады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан Күршім ауданында ұсақ және ірі қара мал мен жылқы етін өңдейтін зауыт салынады. Жоба кәсіпкерлердің қаражатына салынады, деп хабарлады өңірдің ақпараттық орталығына сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Арын» ауыл шаруашылығының иелері ет өңдейтін зауытты Қаратоғай ауылында салады. Жоспарланған қуаты - жылына 8 млн теңгенің 10 тонна шұжығы, 5,5 млн теңгенің 17 мың дана консерві өнімі.
null 

Күршім ауданының әкімі Сейсенғазы Шоқаев «ғимараттар салынып бітті,  алматылық фирмалармен технологиялық жабдық бойынша келісім жасалды.   Зауытты екінші жартыжылдықта іске қосу жоспарлануда»  екенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар