Шығыс Қазақстан облысында дебат турнирі өтті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семейде «Мәңгілік ел жастары» атты Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығына арналған дебат турнирі өтті, деп хабарлайды «ҚазАқапарат» ХАА.

Алматы, Астана, Павлодар, Талдықорған, Өскемен, Курчатов, Шымкент, Зыряновск қалалары мен 7 ауданнан 60 команда ең мықты пікірсайысшы атағы үшін өзара бақ сынасуда.

Турнир Астана қаласының 20 жылдығын атап өту аясында жүзеге асырылуда. Бәсекенің басты ерекшелігі ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті. Байқауға қатысушы әрбір фракция сайысқа өзі қалаған тілді таңдады. Талқылауға жататын тақырыптар жастар мәселелерін қамтиды. Нақтырақ айтқанда, олар Қазақстанда мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы, елдегі жастар ұйымдарының жұмыстары, қазақ алфавитінің латын қаріпіне көшірілуі сияқты бағыттар бойынша көзқарастарының қаншалықтың кең екендігін сынады.

Облыстық ақпарат орталығы өкілдерінің хабарлауынша, бүгінде дебат жастарды ең қатты қызықтыратын бағыттардың бірі. Өйткені ол адамның шешендік қасиетін шыңдап, өз-өзіне деген сенімділікті нығайтып, ойын ашық білдіре білуге баулиды.

Соңғы жаңалықтар