Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарынан сенатор кім болатындығы анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - ҚР Парламенті Сенаты депутатын сайлауда Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарында қарсыластарынан оқ бойы озық шыққан кандидаттар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Қарағанды облысында Рысқали Әбдікеров сайлаушылардың 82,53 процент дауысын жинады. Ал оның басты қарсыласы Аристотель Исағұлов 17,47 процент дауысқа ие болды.

Шығыс Қазақстан облысында Дүйсенғазы Мусин сайлаушылардың 93,57 процент қолдауына ие болғаны белгілі. Айта кетерлігі, бұған дейін Мусин Шығыс Қазақстан облысының әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Естеріңізге сала кетсек , Ақмола облысында Дәурен Әділбеков 94,46, Ақтөбе облысында Мұхтар Жұмағазиев 93,12, Алматы облысында Нұрлан Қылышбаев 91,13, Атырау облысында Ғұмар Дүйсембаев 82,44, Жамбыл облысында Абдалы Нұралиев 86,87, Батыс Қазақстан облысында Нариман Төреғалиев 80,41, Қызылорда облысында Мұрат Бақтиярұлы 70,14,  Қостанай облысында Жеңіс Нұрғалиев  86,49, Маңғыстау облысында Бақтыбай Шелпеков 76,11, Павлодар облысында Нұржан Нұрсипатов 82,14, Солтүстік Қазақстан облысында Ерік Сұлтанов 84,62, Оңтүстік Қазақстан облысында Әлімжан Күртаев 82,14, Астана қаласында Еділ Мамытбеков 92, Алматы қаласында Динар Нүкетаева 94,12 процент сайлаушылардың дауысын жинаған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар