Шығыс Қазақстан бойынша туристік карта әзірленді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы бойынша қысқы демалыс орындарының туристік картасы әзірленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Туристік картаны Шығыс Қазақстан облысы туризм және сыртқы байланыстар басқармасы әзірлеген.
null 

«Мұнда қысқы демалыс орындары, шаңғы кешендері, мұз айдындары туралы құнды деректер бар», - дейді «ШҚО Туристік ақпарат орталығы» КММ басшысы Сымбат Рамазанов.

Бұдан тыс, туристік картада облыстыұ нысандардың орналасқан жері мен оларға баратын бағдарлар да айқын көрсетілген. Бірнеше бөлімдерден тұратын карта ШҚО-дағы 17 қысқы демалыс орны туралы толық ақпарат берілген. 

Соңғы жаңалықтар