Шығыс Австралияның аспанында метеор жарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияның шығысындағы Квинсленд штатының тұрғындары ерекше табиғи құбылыстың тамашалады, дүйсенбі түнге қарай аспан кенеттен жап-жарық болып кетті де содан соң жарылыс болды. Бұл туралы ABC телекомпаниясы хабарлады.

Квинсленд полициясының мәлімдеуінше, Глэдстоун, Грэйсмир және басқа да шағын қалалардың тұрғындары аспан жарық сәулеге боялып, үйлері дірілдегенін кейіннен алыста жарылыс дыбысы естілгенін хабарлаған. Кейбір адамдар аспанда отты шар көргенін айтқан.
Gladstone Observer газетіне сұхбат берген астрофизик Джонатан Макдауэлл бұл құбылысқа метеор себепші болды деген тұжырым жасап отыр. «Бұл үлкен метеор болуы ықтимал. Шамамен үлкендігі 1 метр болуы мүмкін, яғни оның бөлшектері Жер бетіне шейін жетіп отыр», - деді ғалым. Алайда бұл әзірге расталмаған болжам ғана.
Полицияның нақтылауынша, осы оқиға бойынша зардап шегушілер және қирауға қатысты ақпарат келіп түспеген.

Соңғы жаңалықтар