Швейцарияда жасөспірім балтамен адамдарға шабуылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Швейцарияның Флумс коммунасында (Санкт-Галлен кантоны) балтамен қаруланған 17 жастағы жасөспірім өтіп бара жатқан адамдарға шабуыл жасады. Бұл туралы Tages Anzeiger газеті полицияға сілтеме жасап хабарлады.

Басылымның ақпараты бойынша, кешқұрым жас жігіт жергілікті пошта бөлімшесінің маңында адамдарға балтамен жүгіріп, бірнешеуін жарақаттаған. Кейін бөтеннің көлігін айдап әкетіп, оқиға орнынан ізін суытқан. Бұдан әрі, жанармай құю стансасына жетіп,  тағы бірнеше адамды жарақаттады. Ол сол жерде полицияның қолына түсті.

Қаскүнемнің әрекетінің себебі әзірге беймәлім, алайда құқық қорғау органдары бұл оқиғаның терроризмге қатысы барын теріске шығарды.

Зардап шегушілердің нақты саны мен олардың жағдайы нақтылану үстінде.

 

Соңғы жаңалықтар