Швейцарияда қар көшкіні бес шаңғышыны басып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцарияның Вале кантонының Гомс ауданында қар көшкіні болып, бес адам қаза тапты. Бұл жайлы жексенбіде SRF телеарнасы хабарлады.

Фишерталь елді мекенінің маңында күтпеген жерден қар көшкен. Соның салдарынан тауда жаттығып жүрген алты шаңғышының бесеуі опат болып, алтыншысы әзер дегенде аман қалған. Жазатайым оқиға сенбі күні кешкісін болды.

Қазір Гомс құтқару жасағы арнайы тікұшақпен шаңғышылардың денесін іздеп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар