Шүменов пен Жақиянов WBN P4P-рейтингінің ТОП-елуіне ілікпеді

None
None
АСТАНА. Қазақпарат  -  WorldBoxingNews.net сайты сәуір басталар алдында боксшыларды салмақ санатына бөліп,  өзінің pound-for-pound  (салмақ санатынан тыс)  жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлады Sports.kz.

Бұдан бұрын хабарланғандай, орта салмақтағы қазақстандық боксшы  Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) өз дивизионында - бірінші, ал жалпы рейтингте үшінші орында тұр. Оның алдына жартылай ауыр салмақтағы америкалық Андре Уорд  (31-0, 15 КО) пен   жартылай орта салмақтағы филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо (59-6-2, 38 КО) ғана шығып отыр.

Сондай-ақ   World Boxing News тізімінде  дивизион бойынша тағы екі қазақстандық бар, олар  Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) пен Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО). Жақиянов жеңіл салмақтылар рейтингінде бесінші орынға жайғасты.  Шүменов бірінші ауыр салмақтағы боксшылар арасында - төртінші тұр.  Өз салмақ дәрежесінде алдыңғы қатарда болғанына қарамастан, қазақстандық екі боксшы  сайт нұсқасы бойынша рейтингке ілікпеген.   

Соңғы жаңалықтар