Шүменов пен Дортикостың айқасқа шығатын күні белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Бейбіт  Шүменовпен (17-2, 11 КО) кубалық Юниер Дортикостың (21-0, 20 КО), жепе-жегі өтетін күн жарияланды, деп хабарлайды Boxeo Cubano.

Басылымның ақпаратына қарағанда, Шүменов - Дортикос айқасы 29 сәуірде Лас-Вегаста өтеді.

Бұдан бұрын жекпе-жек ақпанға белгіленген еді, бірақ промоутерлік Caribe Promotions компаниясы өзінің кездесуді ұйымдастыру құқығынан айырылып, айқас белгісіз уақытқа шегерілген болатын.

Еске сала кетсек, Шүменов бірінші ауыр салмақта WBA нұсқасы бойынша тұрақты әлем чемпионы, ал Дортикос - уақытша.  

Соңғы жаңалықтар