Шүменов -Дортикос жекпе-жегін қазақстандықтар тікелей эфирден көре алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  «Kazsport» телеарнасы қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов пен кубалық Юниер Дортикос арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

WBA (Regular) нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов WBA нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақ санатындағы уақытша әлем чемпионы Юниер Дортикос арасындағы жекпе-жек кеші 30 сәуір күні Лас-Вегас (АҚШ) қаласының "Palms Casino Resort" ойын-сауық орталығында өтеді.

Аталған кездесуде WBA тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағы сарапқа салынады. Қазақстандық кәсіпқой боксшы үшін бұл 20-шы кездесу болмақ. Ал, Юниер Дортикос өзінің кәсіби рингтегі 22-ші жекпе-жегін өткізеді.

Трансляция Астана уақытымен сағат 08:00-де басталады.

Соңғы жаңалықтар