Шұбаркөл көмірі мың теңгеге арзандады - Ерлан Қошанов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Астанада өткізген баспасөз мәслихатында Шұбаркөлдегі көмір бағасының арзандағанын айтып өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Біріншіден айтарым, облыста көмір тапшылығына қатысты мәселе жоқ. Өткен жылы облыста 28 млн тонна көмір өндірілсе, биылғы жылы ол көрсеткіштен 2 млн тонна артық өндіре бастадық. Сондықтан, көмірге қатысты өңірдің түкпір-түкпірінде ешқандай мәселе жоқ. Сатылып жатыр», - дейді облыс әкімі.

Баспасөз мәслихаты барысында аймақ басшысы сонымен бірге көмір бағасы туралы да айтып өтті.

«Шұбаркөл көмірі бойынша біз трейдерлармен жұмыс жүргізіп, бағаны  мың теңгеге арзандаттық. Қазір Қарағандының алыс деген өңірлерінде көмірдің тоннасы 10 мың теңге тұрады. Аудандар бойынша Шұбаркөлден қашықтығына байланысты шамамен көмірдің бағасы 10-11 мың теңге аралығында сатылады. Біз көмір тасымалын арттырдық: бұрын біз тәулігіне 120 вагон тиесек, қазіргі таңда 180 вагонға дейін тиеп жатырмыз. Тіпті кейде бұл көрсеткіш 192 вагонға дейін барады», - дейді облыс әкімі.

Соңғы жаңалықтар