«Шұбаркөл Көмір» 2018-ші жылы көмірді рекордтық көлемде өндірмек

None
None
 ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Шұбаркөл көмір» АҚ кен орнында ҚР энегретика вице-министрі Ғани Сәдібеков бастаған жұмыс тобы болып қайтты, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімінің ресми сайты.

 Аталмыш топ үкімет тапсырмасы бойынша еліміз бойынша көмір шығаруды, сондай-ақ оның тұтынушыларға жеткізілу механизмін бақылау және сараптау үшін құрылған болатын.

- Бүгінгі таңда Қазақстандағы барлық көмір өндіруші кәсіпорындар толық қуатта және штаттық режімде жұмыс істеп жатыр. Көмір тапшылығы жоқ. Мүмкін, көмірдің тұтынушыларға жеткізілуіне қатысты мәселелер бар шығар, - деді Ғани Сәдібеков. 

Топтың жұмыс қорытындысы бойынша жиналыс Екібастұз қаласында 7-ші ақпанда өтеді. Содан кейін үкіметке халықты көмірмен қамтамасыз етуді жақсарту үшін ұсыныстар жіберілетін болады. 
Энергетика министрлігінің мәліметтеріне сай, 2017-ші жылы Қазақстанда көмір шығарушы компаниялар 106,7 млн тонна көмір өндірген, ол 2016-шы жылмен салыстырғанда 8,3%-ға немесе 8,2 млн тоннаға көбірек. 

 Экспортқа 29,3 млн тонна көмір шығарылды, ол 2016-шы жылмен (26,2 млн тонна) салыстырғанда 3,1 млн тоннаға артық. 
Қазақстанның электр станцияларына 56,3 млн тонна көмір жіберілді, ол бір жыл бұрынғы көрсеткіштермен салыстырғанда 7,1 млн тоннаға көбірек. 

 2017-ші жылы халықтың коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктеріне жіберілген көмір көлемі 12,5 млн тоннаны құрады, ол 2016-шы жылмен (10,6 млн тонн) салыстырғанда 18%-ға көп. 

 Шұбаркөл кен орны коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге арналған ең басты көмір жеткізушілердің бірі болып табылады. Қаңтарда ауа райының қолайсыздығы себебінен кәсіпорындарға жіберілім тәуліктік жоспардан сәл қалыс қалды. 

- Біз қазір өткен айда қалып қойғанымызды ескере отырып, қажеттіліктерді жауап жатырмыз. Ол қаңтардың бірінші он күнінде қалың қар түскенімен түсіндіріледі. Теміржолдарды қар басты. Сонымен қатар екінші он күндікте қатты аяздар басталып кетті, техника жұмыс істемей тұрды. Бүгінгі таңда «Шұбаркөл Көмір» кәсіпорнынан көмір шығару жоспары коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін тәулігіне 109 вагонды құрап отыр. Біз болсақ қазір тәулігіне 123-127 вагоннан жіберіп жатырмыз, - деді «Шұбаркөл Көмір» АҚ өндіріс бойынша вице-президенті Андрей Сафонов. 

 Ішкі нарықта коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін тек ірі фракциялы көмір ғана сатылып жатыр. Ұсағы қазақстандық тұтынушылар арасында сұранысқа ие емес, оны кәсіпорынның өзіндік қажеттіліктеріне, сондай-ақ еліміздің ЖЭО үшін энергетикалық көмір ретінде пайдаланады. Сонымен қатар жақын және алыс шет елдерге экспортқа шығарылады. 

- Шығарылған көмір тау жыныстарындағы орнына және технологияларына байланысты түрлі технологиялық сұрыптарға бөлінеді. Шығарылған соң ол селекциядан өтеді. Ұсақ фракциялы көмір иленіп, ажыратылады. Ондай көмірді қазіргі таңда қазақстанда сату мүмкін емес. Негізі әлеуметтік-тұрмыстық қажеттіліктерге арналған көмірді экспортсыз шығару мүмкін емес. Егер біз ұсақ көмірді ажыратып, оны сатпасақ, ірі көмірді шығару да өте қиынға соғады. Оны алу үшін ондай кесектер қай жерде жатқанын білу қажет. Дәлірек айтар болсақ, тікелей селекция арқылы, кенжардан шығарып, жалпы өндірілген көмірдің ішінен тек 20%-ы ғана ірі фракция болады. Тағы 10%-ын біз тікелей селекция кезінде аламыз. Нәтижесінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер арналған көмірдің 30%-ын біз жалпы өндірілген көмірдің ішінен аламыз, - деп түсіндірді Андрей Сафонов. 
Сонымен қатар ол қиындықтарға қарамастан «Шұбаркөл Көмір» АҚ үшін коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге арналған көмір шығару басым бағыт болып табылады. Сондықтан 2018-ші жылы кәсіпорында шамамен 16 миллиард теңгені жаңа техника мен жабдықтарға инвестициялауді көздеп отыр. Жаңғырту шаралары ірі фракциялы көмірді шығару көрсеткішін 3,6 миллион тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 

- Жалпы «Шұбаркөл Көмір» 2018-ші жылы 12 миллион 200 мың тонна көмір шығаруды жоспарлап отыр. Бұл кәсіпорынның тарихындағы ең үлкен көлем. Салыстырар болсақ, 2015-ші жылғы 8 миллион 600 мың тоннандан біз 2017-ші жылы 10 миллион 500 мыңға дейін жеттік, - дейді Андрей Сафонов. 

2022-ші жылға қарай «Шұбаркөл Көмір» АҚ кокс шығаратын жаңа зауытты жобалық қуаттылығына шығаруды жоспарлап отыр. Ол елімізде шығарылатын ұсақ фракциялы көмірді толық көлемде пайдалануға, оның экспортқа арналған құнын өсіру үшін қайта өңдеуге мүмкіндік береді. 

Соңғы жаңалықтар