Шу облысында мұздыққа шықпақ болған альпинист құлап кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шу облысы аумағындағы Ала-Арчинск шатқалында мұздыққа шықпақ болған альпинист құлап кеткен, деп хабарлайды Кабар Қырғызстан ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың деректеріне қарағанда, 2018 жылы 20 сәуірде шамамен 23:00-де Н. М. дегеннен Ала-Арчинск шатқалы аумағында альпинист құлап кетті деген ақпарат түскен. Алдын ала болжамға қарағанда, ол 1986 жылы туылған Швейцария азаматы.

«Қазіргі уақытта  Қырғызстан ӘҚ Бас штабынан тікұшақ тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

Н.М. ақпараты бойынша өзгелері Жоғарғы-Аларчинск мұздығына таяу бұрынғы тау шаңғы базасының лашығын паналауда.

Соңғы жаңалықтар