Штутгарт турнирінің іріктеу сайысы: Зарина Дияс финалға шықты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Қазақстанның бірінші, әлемнің 48-інші ракеткасы Зарина Дияс Штутгарт турнирінде іріктеу сайысының финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іріктеу жарысында 2-інші ракетка болып тіркелген Зарина алдымен дүниежүзілік рейтингте 167-інші сатыда тұрған чехиялық Мария Боузкованы 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Бүгін З.Дияс кортқа әлемнің 662-інші ракеткасы, германиялық Анна Габрикпен шығып, 1 сағат 2 минутқа созылған матчта қарсыласын 6:3, 6:1 есебімен ұтты.

Қазақстандық теннисші енді іріктеу сайысының финалында украиналық жас спортшы Даяна Ястремская немесе эстониялық тәжірибелі теннисші, іріктеу сайысында 5-інші болып тіркелген Кайя Канепидің қай жеңгенімен кездеседі. Онда жолы болса, негізгі турнирге жолдама алады.

Айта кетейік, жүлде қоры 816 мың АҚШ долларына бағаланған Штутгарт турнирі 29 сәуірде мәреге жетеді.

Соңғы жаңалықтар