Шри -Ланка теңізшілері ашық теңізге ағып кеткен екі пілді құтқарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шри -Ланка теңізшілері ашық теңізге алып кеткен екі пілді құтқарды. Құтқару операциясына  бірнеше қайыққа мінген оншақты адам қатысты.

Пілдердің суға тұншығып қалмауын сүңгуірлер бақылады.

Теңізшілер жануарларды арқандармен байлап жағалауға сүйреді. Артынша пілдер қалың орманға кіріп кетті.

Атап өткен жөн, бұл соңғы бір жарым апта ішіндегі Шри-Ланка Әскери теңіз күштерінің жабайы пілдерді құтқаруға қатысқан екінші оқиға. Өткен жолы олар жағалаудан шамамен сегіз шақырымдай қашықтықта ағып бара жатқан тағы бір пілді құтқарған болатын. Оның өмірі үшін теңізшілер 12 сағат айқасты.

Соңғы жаңалықтар