Шпицбергенде тоғыз ресейлік мұз астына түсіп кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Арктиканың Шпицберген архипелағында Ресей азаматтары құтқарылды.

Қарда жүретін көлікпен сырғанауға аттанған бірнеше адам мұз астына түсіп кеткен, деп хабарлады Норвегиялық үйлестіру-құтқару орталығы.

Мұз астына тоғыз адам түсіп кеткен, олардың барлығы құтқарылды.

Төтенше жағдайдан төрт адам жараланып, оларды тікұшақпен  ауруханаға жеткізуге тура келді. 

Соңғы жаңалықтар