Шотландия теңіз үстіне электр станциясын салып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қуаттылығы 30 мегаватт болатын құрылғыны теңіздің ортасына бір шақырым тереңдікке орналастырылады, деп хабарлайды Statoil.com.

Шотландияның жағалауында әлемдегі алғашқы Hywind Scotland су үстіндегі қалқымалы жел электр станциясы өз жұмысын бастады. Қуаттылығы 30 мегаватт болатын станция Абердинширеде орналасқан және ол 20 мың үйді жарықпен қамтамасыз ететін болады. Мұндай жел электр станциясы теңіздің тереңдігі 800 метрге жететін аймақтарда қолданылады. Бұдан бұрын мұндай жерлерде жел электр станциясын салу мүмкін болмаған.

Енді осындай жел электр станцияларын теңіз деңгейінен 800 немесе 1000 метр т жерлерге орналастыруға болады. Дәл осы жобада 175 метрлік жел диірменіне биіктігі 78 метр болатын арнайы қалтқылар орнатылған. Қалтқының ішінде тұрақтылықты сақтап тұратын балласт бар, сонымен қатар қалтқылар бірнеше арқанмен бетон блоктарға бекітілген.

Фото  statoil.com

Соңғы жаңалықтар