Шортандының 8 тұрғынына сальмонеллёз жұқтырды деген күдік келтіріліп отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шортанды елді мекенінің 8 тұрғыны ауырлығы орташа деңгейлі сальмонеллёз күдігімен ауруханаға жатқызылды. Бұл жайында Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство мәліметінше, наурыздың 8-10 күндері Астана қалалық инфекциялық ауруханасына Ақмола облысына қарасты Шортанды елді мекенінің 11 тұрғыны өткір ішек инфекциясы күдігімен жүгінген.

«Қалалық инфекциялық аурухана мамандарының тексеруінен кейін 8 адам ауырлығы орташа деңгейлі сальмонеллёзбен ауырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. 12 наурыз күнгі мәліметтерге сәйкес пациенттердің жағдайы тұрақты, нашарлаған жоқ», - деді басқармадан.

Фото: cdn.gobankingrates.com

Соңғы жаңалықтар