Шортандыда Мәжіліс комитетінің көшпелі отырысы өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат -  Бүгін Ақмола облысының Шортанды ауданында А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының базасында  Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің көшпелі отырысы өтті.

 Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Отырысқа Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божко,  Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының жанындағы Әлеуметтік кеңестің және Өңірлік саясат пен мәслихаттармен жұмыс жөніндегі кеңестің мүшелері, Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі А.Евниев, Ауыл шаруашылығы, Білім және ғылым министрліктерінің, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің, қоғамдық бірлестіктер мен бизнес ортаның өкілдері қатысты.

Комитеттің отырысында аграрлық ғылымды дамытудың өзекті мәселелері, коммерцияландыру және ғылым нәтижелерін өндіріске енгізу, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешеніне кадрлар даярлау проблемалары талқыланды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы саласының инновациялық дамуы аграрлық ғылымның, аграрлық жоғары оқу орындары мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің тығыз ынтымақтасуына байланысты екені, ал бұл, өкінішке орай, әлі жеткілікті түрде дамымағаны сөз болды. Бұған аграрлық ғылымның АӨК субъектілерімен әлсіз өзара іс-қимылы, кадрлық ресурстардың жетіспеушілігі, бюджеттен бөлінетін қаржы қаражатының тиімсіз бөлініп игерілуі, ғылым қызметінің нәтижелерін өндіріске коммерцияландыру жүзеге асырылмайтыны әсер етеді.

Өз кезегінде депутаттар талқыланған мәселелердің өзектілігіне назар аудара отырып, Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін шешуге көмектесетін ғылымның, білім берудің және ауыл шаруашылығы өндірісінің одан әрі интеграциясының қажеттілігін атап өтті.

Отырыста айтылған ұсыныстарды ескере отырып, Комитет уәкілетті органдарға тиісті ұсыныстарды әзірлеуді қарастырады. 

Соңғы жаңалықтар