Шорт-тректен Әлем кубогы: тағы бір спортшымыз үздік үштікте

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Абзал Ажғалиев Сеулде өтіп жатқан шорт-тректен Әлем кубогының төртінші кезеңінде үшінші орын алды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ол «В» финалында 500 метрді 41:335 уақытта еңсерді, екінші орында кореялық Лим Хи Джун (41:219), кореялық тағы бір спортшы Квак Юн Ги (41:140) бірінші орын алды», - деп атап өтілген ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қазақстандық шорт-трекші Анастасия Крестова Әлем кубогының төртінші кезеңінде қола медаль еншіледі.  

Айта кетейік, шорт тректен Әлем кубогының IV кезеңі 19 қарашаға дейін жалғасады. Лицензиялық жарыстардан кейін, спортшылардың Олимпиада ойындарына лицензия ұтып алуға мүмкіндіктері бар. Рейтинг Әлем кубогының төрт кезеңі бойынша жасалады.  Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін спортшы топ-36 (1500 метр ерлер мен әйелдер),  топ-32 (500 және 1000 метр) рейтінгіне енуі керек. Эстафетаға 8 команда қатыса алады.

Соңғы жаңалықтар