Шорт-трек: Денис Никиша әлем чемпионатында бесінші орынға ие болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Денис Никиша Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен өтіп жатқан әлем чемпионатында бесінші орынға ие болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. 

Денис Никиша 1500 метр қашықтықта сәтті өнер көрсетіп, медальдар сарапқа салынатын А финалына жолдама алды. Соңғы бәсекеде барлығы алты шорттрекші сынға түссе, соның төртеуі Олимпиада чемпионы, тағы біреуі жүлдегері еді. Кіл мықтылармен жарыс жолына шыққан Д.Никиша мәре сызығын бесінші болып қиды. Бұл қазақстандық шорттрекші үшін үлкен табыс деуге болады.

Бұл қашықтықта үш мәрте Олимпиада жеңімпазы, атақты канадалық Шарль Амлен жеңіс тұғырына көтеріліп, алтыннан алқа тақты.

Еске сала кетейік, қазақстандық шорттрекшілер үшін Пхенчхан Олимпиадасы онша сәтті бола қоймаған еді. Онда Қазақстан ерлер құрамасы 5 мың метрлік эстафеталық сында ғана алтыншы орыннан көрінген еді. Өкінішке қарай, Канадағы әлем чемпионатына ерлер құрамасы эстафеталық жарысқа жолдама ала алған жоқ.

Соңғы жаңалықтар