Шора өзенінде мұз астына төрт бала түсіп кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысының Құрманғазы ауданында мұз астына түсіп кеткен төрт бала құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат patrul.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыс құтқарушыларына қоңырау шалынып, Шора өзенінде ойнап жүрген балалар мұз астына кеткені хабарланған. Өзеннің келесі бетіне өтпек болған үш ер, бір қыз бала мұз үстінде жүгіріп, ойнап жүрген. Кенеттен мұз жарылып, олардың бірі суға түсіп кеткен. Кейіннен мұз астына қалғандары да құлаған.

Батыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы Құрманғазы ауданы бөлімшесі мен осы ауданның төтенше жағдайлар бөлімшесі құтқарушыларының жедел әрекеттерінің арқасында балалар дін аман құтқарылды. Қатты шошынып қалған балаларға құтқарушылар алғашқы көмектерін көрсетті.

 

 

Соңғы жаңалықтар