Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 332.21
EUR 391.74
RUB 5.57
CNY 50.08

Шөкеев жас қызметкерлерімен кездесті

Шөкеев жас қызметкерлерімен кездесті
2017 жылғы 15 қараша 14:58 306

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін  «Самұрық-Қазына» басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев Компаниялар тобындағы жас қызметкерлермен кездесті. 

Бұл жайында аталған қордың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қордың компаниялар тобы ұжымның үштен бір бөлігін 25-тен 34 жасқа дейінгі жастар құрайды. Қызметкерлердің дәл осы санаты ерекше құлшыныспен еңбек етіп, дамуға талпынады және өсудің жаңа мүмкіндіктерін пайдалануға әрдайым әзір. Соңғы сауалнамаға сәйкес, олардың 90 пайызы компанияның барынша жоғары нәтижелерге жетуіне елеулі үлес қосуға дайын», - деді  кездесуді ашқан Өмірзақ Шөкеев.

Қор басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ қоржындық компанияларында білікті жас мамандардың күшімен цифрлық кен орындарын енгізу тәрізді технологиялық тұрғыдан өте күрделі өндірістік жобалар жүзеге асырылып жатқанын алға тартты.

Кездесуге қатысушылар Қазақстандағы мұнай-химия саласының дамуын кеңінен талқылады. Дүниежүзіліктің банктің мәліметтеріне сәйкес, әлемдік мұнай-химия нарығы 1 трлн АҚШ долларына бағаланады. Мұнай-химияның сабақтас салаларға мультипликативті әсері жоғары. Мұнай-химиядағы бір жұмыс орны сабақтас салаларда 7,2 дейін жұмыс орнын құрады. Мұнай-химия саласына жұмсалған 1 АҚШ доллары ел экономикасы үшін 2,3 доллар әкеледі.

 «KPI Inc.» ЖШС-нің басқарма төрағасы Ғабит Закарияның атап өтуінше,  Атыраудағы ҰИМХТ АЭА осы айда Интеграцияланған газ-химия кешенінің бірінші кезеңі бойынша құрылыс жұмыстарын бастайды. Полипропилен шығаруға бағытталған жобаның құны 2,6 млрд АҚШ долларына бағалануда. Жобаның жүзеге асырылу мерзімі - 42 ай. Полипропилен электроника және электр құрал-жабдықтарын құрастыруда, құрылыс материалдарын дайындауда, машина жасау, медицина және тағы басқа салаларда қолданылады.

Кездесу Елбасының тапсырмасымен 2013 жылдың қарашасында іске қосылған «Тау-Кен Алтын» аффинажды зауытында өтті.  Кәсіпорын ашылғаннан бергі 3 жыл 10 айда 44 тонна алтын өндірілді және сатылды. Кіріс көлемі 4 млрд теңгеден асты. Кәсіпорын қалыпталған (инвестициялық) құймаларды шығаруды, «Good Delivery» сапа белгісіне ие болуды, жеке зергерлік өндірісті дамытуды жоспарлап отыр.

 

 

Басты сөздер: «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер