ШҚО: Зырянда су тасқынынан кейін үй бағасы шарықтап кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Тасқын салдарынан үйлері тұруға жарамсыз болып қалған зыряндықтар қалада үй бағасы жарты миллион теңгеге дейін қымбаттап кеткенін айтуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен Тропинская көшесінде тұрамын. Біздің көше 2 апта бойы су астында қалған болатын. Су толық қайтқанына 5 күн болды. Менің үйімді комиссия апаттық жағдайда деп таныды. Өз бетімізбен сатылатын үйлерді іздестіргенбіз. Өзіміздікінен сəл кіші бір үйді таңдап, 1,5 млн теңгеге алатын болып келіскенбіз. Ертеңінде келісілген соманың бір бөлігін беріп қою үшін барсам, айнып қалыпты. Бəрібір мемлекет төлейді емес пе, сондықтан бағасын қымбаттаттық, алғыңыз келсе 2 млн теңге төлеңіз деп шарт қойды. Арамызда біреудің қайғысынан табыс көргісі келетіндер де шығып жатыр» - дейді Татьяна Скударнова есімді тұрғын.

Соңғы деректер бойынша Зырян ауданында 414 үйге су кірген. Бүгін ауданған келген облыс əкімі Даниал Ахметовтың айтуынша, соның ішінде 43 үй тұруға жарамсыз күйге түскен.

«Үйі апаттық жағдайға түскен тұрғындарды баспанамен қамту мəселесі 1 аптаның ішінде шешіледі. Кейбіріне жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйден пəтер береміз, кейбіріне қолданыстағы тұрған үйлерден қарастырамыз. Орта есеппен алғанда, 250 үйді жөндеу қажет. Оған қажет қаржының алғашқы траншы бүгін аударылады» - деді облыс əкімі.

Соңғы жаңалықтар