ШҚО: Үржарда төс қағысып, тілек айтысқан думанды Наурыз өтті

None
None
ҮРЖАР. ҚазАқпарат - Еуразияның көп бөлігі тойлайтын, Орталық Азия халқы үшін жыл басы саналатын Наурыз мерекесін Үржар жұртшылығы ерекше көңіл күйде атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

(фото)

Бүгінгі күн де шуақты нұрын шашып, үржарлықтарды, қонақтарды қуанышқа бөледі. Ауданның орталық алаңында өткізілген айшықты Наурыз мейрамын тамашалаушылар ерекше әсер алды. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының орындауындағы театрландырылған қойылым тіптен, Наурыз мерекесінің көркін кіргізді.

null 

Тойға жиналған қауымды аудан әкімі Серік Зайнулдин құттықтап, Ұлыстың ұлық мерекесіне қарай тілегін жеткізді. «Барша үржарлықтар үшін биылғы Наурыздың арман мен асыл үміттердің іске асуы, молшылық пен тың табыстардың бастауы, қуаныш пен шаттыққа толы жыл болатынына сеніміміз мол. Жер ана ұйқысынан оянып, күн мен түн теңелетін Ұлыстың Ұлы күні - тың бастамалар, ізгі мақсаттар мен игілікті істерге жетелесін. Наурыз әр отбасына молшылық, береке-бірлік және бақ әкелсін. Шаңырақтарыңыздан ырыс пен бейбітшіліктің, татулық пен таза ақ пейілдің рухы сарқылмасын», - деді аудан әкімі.

 null

Мерекелік шарада қазақ халқының салт-дәстүрі мен береке-байлағын бейнелейтін театрландырылған қойылым көрсетілді. Бұл қойылымда қазақ ауылының табиғаттың түлеп, Жер-ананың жаңарған уақытындағы жыл басы, ғасырлар қойнауынан келе жатқан достық пен ынтымақтастықтың мерекесі саналатын Наурыз мейрамын тойлау дайындығы көрсетілді. Онда қойылымның негізгі желісі Қыдыр атаның келуі, ақсақалдар құшақтасып, әжелер шашу шашып, Тайқазанда келіншектер Ұлттық наурыз көжемізді пісіріп, одан әрі «Наурыз - Рухани жаңғырудың бастауы» бөлімі ұсынылды.

 null

Айта кетейік, Орталық алаңда жиырмаға жуық ақшаңқан киіз үйлер тігілді. Онда мерекелік дастархан жайылған. Мол дастархан басында бас қосқан ата-әжелердің көңіл-күйі Наурыз күнгі көктемнің жайдары күніндей көтеріңкі. Бір-бірімен сағынысып көріскен қарттар амандық-саулық сұрасып, қауқылдасып жүр.

   Осы күні алаңға жиналған жұрт Наурыздың дәстүрлі көжесінен дәм татты. Айтпақшы, алаңның бір бөлігінде «Ең дәмді көже» сайысы өткізілсе, кішкене бүлдіршіндер үшін «Наурыз еркесі» атты ойындар ойнатылды.
null 

Аудан орталығында өткен мерекенің тағы бір ерекшелігі қазақша күрестен - «Үржар барысы» жарыс өткізілді. Білек сыбанған ер жігіттер көпшілікке нағыз қазақ халқына тән қасиеттерді паш етті. «Үржар барысы» атағын Қабанбай ауылынан Ерсін Сейітқазинов жеңіп алып, ол «түйе балуан» атанып, арнайы жүлдеге ие болды.

 Осылайша, Ұлыстың ұлы күнінде ерекше шаттыққа бөленген үржарлықтар келер жылғы Наурыз мейрамын аман-саулықта көруге тілек тілесті.
 null null null 

Соңғы жаңалықтар