ШҚО: Үржарда сүт өндірісі кооперативіне бірігушілер саны артып келеді

None
None
ҮРЖАР. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында сүт өндірісі өркендеп келеді. Үлкен кооперативке біріккен шаруалар алдағы уақытта сүт өнімдерін басқа өңірлерге де сатуды көздеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үш жыл бұрын мемлекеттің қолдауымен ашылған «Арыстанбек-Үржар» ЖШС жетекшісі Талғат Ақпеков «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несиеге де қол жеткізген болатын. «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясынан 12 миллион теңге, Ауыл шаруашылығын дамыту қорынан 5 миллион теңге алған кәсіпкер «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық акциясы аясында сүт қабылдау және өңдеу зауытын ашқан. Зауытта тәулігіне 2 тонна сүт өңделеді. Қазіргі кезде шағын кәсіпорын таза сүттен 14 түрлі сүт өнімін шығаруда. Оның ішінде майлылығы түрлі дең¬гей¬дегі сүттің 5 түрі, сары май, кілегей, сүзбе, құрт, ірімшік және айран сынды өнімдер бар. Сұраныс та аз емес. Бүгіннің өзінде сүт қабылдау және өңдеу зауыты 2 аурухана, 5 балабақша мен 45 мектепті таза өніммен қамтамасыз етіп отыр.


null
«Жазда Алакөл жағалауына, «Барлық-Арасан» шипажайына келген демалушылар да біздің өнімдерімізді тұтынады. Ірі қалалардан алыс орналасқандықтан өнімнің сапасы мен табиғи құнары ерекше. Келешекте өндіріс көлемін арттырып, басқа қалаларға, аудандарға да шығаруды көздеп отырмыз», - дейді зауыт директоры Талғат Ақпеков.

Айта кетейік, ауданда сүт өндірісін өрістетуге баса мән беріліп, осы арқылы сырттан келетін сүт тауарлары көлемін азайту, өз өнімдерін өзгеге сату жоспарланған. Бұл мақсатта ауылдарда кооперативті өндірісті дамыту қажеттігі туындап отыр. Осыған орай өткен жылы осы серіктестік «Үржар сүт» кооперативін құрған.
null 

Талғат Молдашұлының айтуынша, кооперативке әзірге 219 бас ірі қарасы бар 35 адам кірген. Енді бұған басқа үржарлықтар да қызығушылық танытып, ұсыныстарын білдіруде.

Сондай-ақ дәл осы іспетті сүт қабылдау және өңдеу орны Мақаншы ауылында да ашылған. Қай¬ролла Нығмет есімді Қытайдан оралған қандасымыз 5 миллион теңге жеңілдетілген несие қаржысына шағын сүт зауытын ашты. Кәсіпорын өнімдері де өңірдегі білім беру, денсаулық сақтау және қорғаныс саласындағы мекемелерді арзан әрі сапалы сүтпен қамтамасыз етуде.

Соңғы жаңалықтар