ШҚО: Үржарда «Саябақтар шеруі» өтті

None
None
ҮРЖАР. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында бүгін «Саябақтар шеруі» халықаралық табиғатты қорғау акциясының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үржардағы «Балалар саябағында» өткен акцияның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Серікқазы Сәдуақасов пен «Семей орманы» филиалы директордың орынбасары Қайрат Болжаев акцияның ашылуымен құттықтап, табиғатты қорғауға шақырды.

Шара аясында «Құстар күні», «Су - тіршілік көзі», «Бұлақ көрсең көзін аш», «Таза өзен - таза жағалау», «Шебер қолдар», «Таңқаларлық өзгеріс», «Табиғат фотосуреттері мен көріністері» атты тәрбие сағаттары өткізіліп, бұлақ көздерін, өзен жағалауларын тазарту сенбіліктері, байқаулар мен көрмелер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, оқушылар саябаққа ағаш көшеттерін отырғызды.
null null  

Акцияға аудан орталығындағы Б.Момышұлы, Абай, І.Жансүгіров, Абылай хан мен Тұрлыханов атындағы орта мектептерінің оқушылары, мекеме, бөлім қызметкерлері қатысты. «Саябақтар шеруі» акциясына барлығы 3 мыңға жуық адам қатысты. Олардың басым бөлігі оқушылар. Негізгі бағыт - табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру. 

Табиғат қорғау акциясын қорытындылау барысында шараға қатысқан мектеп оқушылары мен білім ордалары Алғыс хатпен, бағалы сыйлықтармен марапатталып, мәдениет үйінің өнерпаздары табиғат тақырыбында ән шырқады.

null

Соңғы жаңалықтар