ШҚО спортшысы Азиялық паралимпиада ойындарында бірінші орынды алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығысқазақстандық спортшы Дубайда (БАӘ) өткен жасөспірімдер арасындағы ІІІ Азиялық паралимпиада ойындарында паражүзуден алтын мен күміс медальды еншіледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, додаға жалпы 15 құрамадан 1000-нан астам спортшы қатысқан.

«Қазақстан құрамасының сапында Шығыс Қазақстан облысының атынан «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан» Нұрәлі Советқанов жалғыз өзі өнер көрсеткен болатын. Жас жігіт суда жүзу сайысының алғашқы күнінде 200 метр қашықтықта кешенді жүзу бойынша алтын медальға қол жеткізді», - дейді ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен Елжан Қайырханов.

Жарыстың келесі күні де Нұрәлі үшін сәтті өткен. Брасс әдісімен 100 метр қашықтыққа жүзуде мәреге бірінші болып жетсе, дәл сол қашықтықта кроль әдісімен жүзуде күміс медаль еншілеген.

null 

Соңғы жаңалықтар