ШҚО сәулет-құрылыс басқармасына Димитрий Гариков тағайындалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Облыс әкімінің өкімімен Димитрий Гариков ШҚО сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бүгін жаңа басшыны басқарма ұжымына таныстырды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Димитрий Александрович Гариков 1975 жылғы 9 маусымда туды. «Құрылысшы технолог» мамандығы бойынша Семей құрылыс техникумы және «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ тәмәмдаған.

Ол еңбек жолын Бородулиха ауданында 1998 жылы «Тұрмыс қызметі» АҚ-да жұмысшы болып бастады. Сосын май құю бекетінде меңгеруші, аудан әкімі аппаратының бас маманы болды.

2002-2006 жылдары - «Коммуналдық шаруашылық» мемлекеттік коммуналдық көп салалы кәсіпорнының бастығы, 2006-2009 жылдары ауданның ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, 2010 жылға дейін Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары, 2010-2011 жылдары жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, 2011-2013 жылдары Семей қаласы әкімінің орынбасары болды.

2014 жылғы желтоқсаннан бастап 2016 жылғы қыркүйек аралығында ШҚО әкімі орынбасарының ТКШ және құрылыс мәселелері саласындағы орынбасары болып жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар