ШҚО полицейлері онлайн-сауда жасауда сақтық танытуға шақырды

None
None
Өскемен. ҚазАқпарат - Семей қаласының тұрғыны интернет-сайт арқылы 215 мың теңгеге киім алуға тапсырыс берген, бірақ тапсырысын сол күйі ала алмаған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ол ақшаны терминал арқылы аударған. Тапсырысын ала алмай, бір айдан кейін сайтта көрсетілген нөмірге хабарласады, бірақ ешкім жауап бермейді. Амалы құрыған тұрғын еріксіз полицияға хабарласқан.

Облыстың ІІД баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Семей қаласы ІІБ қылмыстық іс бөлімі қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол бұрын сотталған 43 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

«Мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Түрлі алаяқтарға алданған тұрғындарға көмектесу үшін полицияға біраз жұмыс атқаруға тура келеді. Адамдар белгісіз виртуалды фирмаға ақша жібермес бұрын, барлығын тексеруі керек, таныстарынан, достарынан сұрастырып, анықтап алғандары дұрыс», - дейді ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.

Соңғы жаңалықтар