ШҚО оқушыларын жаңа автобустар таситын болады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ҚР Тәуелсіздігінің қарсаңында өңірдің білім беру қызметкерлерінің салтанатты жиынында 18 көлік кілті табыс етілді, деп хабарлады ақпараттық орталыққа сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Білім қызметкерлерінің тамыздағы конференциясында өңір әкімі Даниал Ахметов   сала үшін бірінші кезектегі міндеттердің бірі мектептерге автобус сатып алу деп атап өткен. Енді міне сол мәселе шешілді, бүгін 18 автобус сатып алдық. Оның 8-і Семей оқушыларын тасиды, бір-бір автобустан Абай, Аягөз, Жарма, Глубоковское, Шемонаиха, Ұлан, Көкпекті аудандарына, 3-еуі Үржар ауданына берілді.

Кілтті білім беру ұйымдарының басшыларына облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова тапсырды. «Тәуелсіздік - елдігімнің тірегі!» атты салтанатты жиында педагогика саласының ардагерлері, жас ұстаздар мен білім беру ұйымдарының басшыларына құрмет көрсетілді. Білім беру саласының дамуына үлес қосқан 12 педагог марапатталды.

  Тәуелсіздіктің құрдасы болған біраз мекемелерге материалдық-техникалық базаны нығайтуға 500 мыңнан 5 млн теңгеге дейін сомада сертификаттар табысталды. Егемендік алған тұста негізі қаланған «Қарлығаш» балабақшасына ойын модулдері мен спорт мүккамал бұрышы сыйға тартылды. Семей электротехникалық колледжге қажетті жабдық және «Мехатроника» жаңа мамандығы үшін 3D принтер сатып алуға сертификат берілді.

null

Соңғы жаңалықтар