ШҚО-ның жоғары оқу орындарына түсу үшін 400 грант бөлінеді

None
None
  ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - 2017 жылы Шығыс Қазақстанда жергілікті бюджет қаржысы есебінен облыстың 5 университетіне 400 грант бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Студенттерді оқытуға осыншама қомақты қаржылық ресурстарды құя отырып, біз ЖОО-ларға басты шарт қойып отырмыз. Олар ел арасында кәсіби бағдарлау жұмыстарын белсенді және жүйелі жүргізуі керек. Мемлекеттік тапсырысқа иек артып, пассивті позиция ұстануды доғару қажет. Жаңа сұранысқа ие мамандықтарды енгізбесек көштен қаламыз» - деді ШҚО әкімі.

Гранттардың бөлінуіне себеп болып отырған жайт - шығысқазақстандық түлектердің оқуға шетелдік университеттерге көптеп кетуі. ШҚО билігі бұл мәселені кешенді түрде шешу қажет деп санайды. Сондықтан, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Білікті маман» бағдарламасы әзірленді.

«Әрине, біз түлектеріміздің Англияның, Францияның белді жоғары оқу орындарында, яғни әлемнің үздік университеттерінде оқуын құптаймыз. Бірақ, олардың оқыту деңгейі мен сапасы қазақстандық шамадағы, тіпті одан да төмен университеттерден гөрі өз елінде және өз облысында оқығаны дұрыс болар еді» - деді Д. Ахметов.

Соңғы жаңалықтар