ШҚО-ның Үржар ауданында 12 бала А вирусты гепатитпен ауырған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Шолпан ауылында 2017 жылы және 2018 жылдың өткен кезеңінде орта мектеп оқушылары арасында гепатитке қатысты 12 оқиға тіркелген, оның ішінде 11 оқушы, 1 екпе салынбаған бала ауырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетіне сілтеме жасап.

Стационарда ем қабылдаған 49 науқастың 12-сі А вирустық гепатиті диагнозымен, қалған 37-сі бауыр, өт жолдары және басқа да аурулар диагнозымен (эхинококкоз, дискинезия және т. б.) емделген.

2017 жылғы қыркүйектен бастап ауруға әртүрлі сыныптың оқушылары шалдыққан. А вирусты гепатитіне қарсы вакцинаға 144 балаға салынуы тиіс болса, 140 балаға ғана екпе егілген, оның ішінде 4 баланың ата-анасы жазбаша түрде вакцинациядан бас тартқан. Осы ата-аналармен бірнеше рет әңгіме жүргізілді, алайда олар егілуге келісім бермеді.

Осылайша, ауырғандармен қарым-қатынаста болғандарға апта сайынғы медициналық бақылау орнатылды. Қосымша апта сайын құрамында педиатр, инфекционист, эпидемиолог дәрігері бар аудандық мамандар бригадасы ауылға бір барып шығады. Шолпан ауылында АВГ тіркелуіне байланысты ауданның медициналық қызметі Үржар аудандық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының мамандарымен бірлесіп, эпидемияға қарсы және емдеу іс-шараларын жүргізуде.

АВГ барлық ошақтарына эпидемиологиялық тексеру және Шолпан ауылының дәрігерлік амбулаториясына, Жүзағаш орта мектебіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Обсервациялық бақылау мерзімі 2018 жылғы 12 ақпанға дейін ұзартылды.

Қазіргі уақытта мектепте ауыз суды жарамсыз деп танылды. Оқушылар  бөтелкедегі ауыз суды ішеді. Барлық бұқаралық мәдени-спорттық іс-шаралар тоқтатылды және оқытудың кабинеттік жүйесі орнатылды.

Сонымен қатар, мектептен және үйлерден 62 ауыз су сынамасы алынды. Мектепте, жеке үйлерде залалсыздандыру жұмыстары, мектептің сумен жабдықтау жүйесін жуу және дезинфекциялау, үйлердегі су сақтайтын ыдыстарды дезинфекциялау жүргізілді. Қайталап сынамалар алғанда ауыз судан алынған нәтижесі теріс болды.

ШҚО бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары көмек көрсету және іс-шаралардың сапасын бақылау үшін Үржар ауданына келді.

2017 жылы Шығыс Қазақстан облысының аумағында А вирусты гепатитіне қатысты 75 оқиға тіркелді. Сонда да статистика бұрынғыға қарағанда соңғы жылдары өңірде А вирусты гепатитіне шалдығу төмендегені байқалғанын көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, А гепатиті - А гепатиті вирусынан туындайтын бауыр ауруы. Ауруды басқаларға науқас адамнан жұғады. Инфекция асқазан-ішек жолдары арқылы тарайды. Ең алдымен, ауыз су, сондай-ақ тамақ өнімдері, көкөністер мен жемістер арқылы жұғады.

Соңғы жаңалықтар