ШҚО-ның ұлттық спорт ойындарының жеңімпаздары ЭКСПО-ға аттанады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде ұлттық спорт ойындарынан жарыс өтті. Ұлан ауданының командасы жеңімпаз атанды. Енді бұл команда Астанаға халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне аттанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстың ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Спорттық жарыстарға өңірдің түрлі аудандарынан 5 команда қатысты. Екінші және үшінші орындарды Көкпекті және Тарбағатай аудандары жеңіп алды.

Қазақ даласында ежелден келе жатқан және бүгінгі күнге жеткен ұлттық спорт ойындары Қазақстан мәдениетінің ажырамас бөлігі іспеттес.

Елімізде ұлттық спорт ойындарын насихаттау ісіне республикалық және халықаралық деңгейде 100-ден астам жарыстар ұйымдастырылады. Ал Астанада халықаралық инновациялық «EXPO-2017» көрмесінің өтуіне байланысты әрбір өңір өз аймағының мәдениет күндерін ұйымдастырады.

Ендеше Өскемен қаласы мен Ұлан ауданының спортшылары Шығыс Қазақстан облысы мәдениетінің күндерінде, 22-23 шілде аралығында Астанада өздерінің өңірлерін көрсететін болады.

Жақын арада 60 адамды құрайтын шығысқазақстандық делегация елордаға аттанады. Олардың арасында әрине ұлттық спорт ойындарының жеңімпаздары да болады. Олар аударыспақ, көкпар, теңге алу, қыз қуу, жамбы ату сияқты ұлттық спорт ойындарынан өнер көрсететін болады.

Соңғы жаңалықтар