ШҚО-ның Шолпан ауылындағы оқушы неден қаза болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин Үржар ауданы Шолпан ауылында қаза болған баланың вирустық дерттен көз жұмғанын растады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Сараптама қорытындысы бойынша оның «А» гепатитіне шалдыққандығы жоққа шығарылды. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, бала «Е» типті гепатитінен көз жұмған.

Ж. Бекшиннің сөзіне қарағанда, өмірі қиылған қыз қараша айынан бері қадағалауда болған және медициналық бақылау кезінде екі рет назардан тыс қалған көрінеді. Оны Үржар аудандық ауруханасына апару барысында ешқандай трансфузия жасалмаған, себебі бала жеңіл көлікпен жеткізілген.

«Баланың не себепті көз жұмғанын Алматы балалар инфекциялық ауруханасы кафедрасының доценті зерттеді. Бұл ретте құжаттардың көшірмесі де егжей-тегжейлі қаралды. Патологоанатом мен доценттің қорытындысына сәйкес, бала жіті гепатиттен көз жұмды. Бұл жағдай «А» вирустық гепатитіне тән емес. Ол вирустық этиология, алайда «А» гепатиті емес. Бүгінде ресми түрде вирустық гепатиттің 7 типі бар, бірақ осы гепатиттердің қайсысы екенін маман нақтылайды. Сонымен қатар қосымша зерттеулер Астанада жүргізіледі», - ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова.

Соңғы жаңалықтар