ШҚО-ның Шемонаиха ауданында 100-ден аса адам эвакуацияланды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жасағы жергілікті тұрғындарды эвакуациялап жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ШҚО ТЖД-ға сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, Шемонаиха ауданында жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған еді.

«Қазіргі таңда 107 адам, соның ішінде 12 бала су алған үйлерінен эвакуацияланды. Адамдардың жартысы мектептерге, қалғаны туыстарына орналастырылды. Құтқару жұмыстарымен 11 техника, жеке құрамның 50 адамы айналысуда», - делінген хабарламада.

ТЖД ақпараты бойынша, облыс орталығынан МИ-2 тікұшағы, сондай-ақ «Востоквзывпром» қызметкерлері Үбе өзенінде жарылыс жұмыстарын жүргізу үшін барған.

«Үбе өзеніне жақын орналасқан 40 үй мен 12 ауланы су басқан. Осындай жағдай Соловьево ауылында, Зырянов ауданында байқалуда. Құтқарушылар ол жақта да жергілікті тұрғындары эвакуациялап жатыр», - деп атап өтті ведомстводан. 

Соңғы жаңалықтар