ШҚО құтқарушылары Жаңа Үлбі ауылының тұрғындарын эвакуациялауда

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары Глубоковское ауданы Жаңа Үлбі ауылының тұрғындарын эвакуациялауда, деп хабарлады «Қазқпарат» ХАА тілшісі облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Жауын-шашын салдарынан Үлбі өзенінде су деңгейі көтеріліп, өзен тасыды. Қазір 14 ауланы су басты. Олардың төртеуі жекеменшік үй, 10-ы саяжай. Құтқарушылар көпірге кіреберісті су басқандықтан ауыл тұрғындарын өзеннің басқа жағасына шығуға жәрдемдесуде.

Қайықпен 26 ересек, 8 бала эвакуацияланды. Тағы төртеуі көшуден бас тартты. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында облыстық ТЖД бастығы Нұрлан Мадияров, Глубоковское ауданының әкімі, облыстық әкімдік өкілдері бар. ТЖ қызметі тұрғындарды бірнеше күн бұрын жауын-шашынның артынан болуы мүмкін су тасқыны жайлы хабардар еткен.

«Шағын Үлбі өзені - Таулы Үлбі ауылы» гидробекетінің деректеріне сәйкес  тәулік ішінде  Шағын Үлбі өзенінде су деңгейі 94 сантиметрге жетті. ТЖҚ жағдай бақылауда екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар