ШҚО колониялардағы жазасын өтеушілер бизнес ашуды үйренуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының түзету мекемелерінде сотталушылар бизнес жүргізуді үйренуде. «ҚазАқпарат» ХАА 

тілшісіне хабарлағандай, тренингтерді облыстық прокуратура мен Кәсіпкерлер палатасы бірлесіп ұйымдастыруда. Кәсіпкерлік бойынша алғашқы дәрістер Жарма ауданында орналасқан ОВ 156/17 түзету мекемесінде өткізілді.

Колонияда өз ісіңді қалай ашу керек, неден бастау керек деген сияқты сұрақтарға бизнес-тренер Талғат Қасенов жауап берді.

Курсқа қатысушылар түрлі тауарлардың бағасына қызығушылық танытып, интернет арқылы қажетті ақпараттар алды.



Түзету мекемелерінде бизнесті жүргізу тренингтері ҚР Бас прокуратурасының «Колониялардағы бизнес - 2017» жобасы аясында өткізіліп жатыр.

«Осындай сипаттағы дәрістер ай сайын ШҚО-ның барлық колонияларында жүргізіледі», деп атап өтті облыстық прокуратураның баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар